2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешімі
(2024.09.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024.27.03. № 129/15 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.24.05. № 152/17 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.09.08. № 164/19 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 239 995 489 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 215 489 994 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 433 701 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 462 905 мың теңге;
трансферттер түсімі - 14 608 889 мың теңге;
2) шығындар - 247 482 943 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 11 550 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 14 800 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 250 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 381 559 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 381 559 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 7 880 563 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 880 563 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде облыстық бюджетке 156 268 964 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін.